Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы әкімі қала ауасын тазалауға арналған су сүзгіш жобасын күрделі әрі қымбат санайды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2014
  • 1233

Алматы әкімі қала ауасын тазалауға арналған су сүзгіш жобасын күрделі әрі қымбат санайды. Ахметжан Есімов шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында отандық ғалымдар ойлап тапқан су макросүзгіш жобасының тиімділігіне күмән келтірді. Аталмыш ұсынысты әкімдік өткен жылы да қарастырған көрінеді. Бірақ қымбаттығынан одан бас тартқан.

Әкімнің ойынша, жаңа құрылғымен бір көшенің экологиясын тазалауға болады. Бірақ алып шаһардың экологиясын жақсартуға оның шамасы келеді дегенге күдікпен қарайды. Алматының ластанған ауасын жасанды сарқырама арқылы тазартуға мүмкіндік болатыны бұған дейін хабарланған еді. Жоба жетекшісі кезінде көлік және коммуникация министрі болған Серік Бүркітбаевтың айтуынша, құрылғыны жүзеге асырып, өміршеңді ету құны 100 млн доллар.

Жаңашылдықтың тиімді екенін эколог Мэлс Елеусізов растады. Бірақ, оның айтуынша, аталмыш құрылғылардың жұмысына қажетті су Алматыда жетпейді. Қазірдің өзінде мұздақтардың 40 пайыз еріп кеткен. Сондықтан өзендерде су аз. Ал су сізгіш онсыз да тапшы суды желге кетіргендей ысырап қылады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ