Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық құтқарушылар облыс тас жолдарынан 30-дан астам адамды құтқарды

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2014
  • 1241

Павлодарлық құтқарушылар облыс тас жолдарынан 30-дан астам адамды құтқарды. Құтқарушылар күшейтілген режимдегі жұмысқа көшкен. Тек соңғы тәулік ішінде олар жол жиегінен түсіп кеткен 5 көлікті қардан шығарып алды. «Отыздан астам адам қауіпсіз жерге жеткізілді», - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Өткен түнде тіпті Астанадан Семейге шыққан автобус Екібастұз-Шідерті тас жолы аралығында жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырады. Қоғамдық көлікте 20 жолаушы болған. Олар автобекетке жеткізілді. Ақтоғай ауданында төрт жолаушысы бар жеңіл көлік те боранда далада қалып қойған. Жолаушының бірі - 1 жасар бар. Қаза болғандар тіркелген жоқ.

Өскеменде де осыған ұқсас жағдай. Облыстық және республикалық бірнеше бағыттар жабылған. Кеше кешкісін құтқарушылар төтенше жағдай жариялап, көліктерді қала аумағынан шығармай қойды. Бүгінде Өскеменнің Ресеймен шекаралас тас жолы Шемонаиха және Семей бағыттарында қозғалыс тоқтатылған. Синоптиктер бүгін кешке күн суыта түсіп, түнде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеп, аяз күшейеді деп отыр. Және мұндай ауа райы желтоқсанның үшіне дейін сақталады деп күтілуде. Облыстық жолдарда 37 жылыту пункті жұмыс істеуде. Олар қосымша дәрі-дәрмек, азық-түлік және жанар-жағармаймен қамтамасыз етілген.

Айгүл ӘДЕПБАЙ