Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан қатпарлы газ өндіру жобасын әзірлейді

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2014
  • 1268

Қазақстан қатпарлы газ өндіру жобасын әзірлейді. «Бұл туралы бүгін Астанадағы Энергетикалық хартия конференциясының 25-ші сессиясында Премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлімдеді», - деп хабарлайды «Қазақпарат». Үкімет басшысының пайымынша, алдағы жылдары елімізде энергия ресурстарын өндіру арта түседі. Айтуынша, Қазақстан энергия ресурстары бағытында 10 негізгі өндіруші ел  қатарына енуге ниетті, оның ішінде табиғи газды өндіру де қамтылады.

Ал Энергетика министрі Владимир Школьник: «2020 жылдан кейін елімізде тәулігіне екі миллион баррель, ал жылына 100 млн тонна мұнай өндіріледі», - дейді. Министр, Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мұнайдың дәлелденген мол қоры бойынша үздік 15 ел қатарына енгенін, атап өтті. Ал газ қоры бойынша үздік 20 мемлекеттің қатарына іліктік. Ведомство басшысы соңғы  жиырма жыл ішінде біздің елімізде мұнай өндіру көлемі үш есе өскенін айтты. Яғни  тәулігіне 1 млн 6 мың барелль мұнай өндірілуде. Ал газ өндіру көлемі осы уақыт аралығында  бес есе артқан. Жыл сайын 40 млрд текше метрден астам газ өндірілу үстінде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА