Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайда жоғары шенді генерал тұтқындалып, үйінен аса ірі көлемде қаржы тәркіленді

  • AstanaTV
  • 27 қараша 2014
  • 1100

Қытай құқық қорғаушылары жыл операциясын өткізді. Полиция жоғары дәрежелі генерал Сюй Цайхоудің үйінен аса ірі көлемде қаржыны тәркіледі. Ақшаның көптігі сонша, ол 12 жүк көлігіне әрең сыйған. «Financial Times-тің» хабарлауынша, полицейлерге мұнша байлықты тіркеуге бір апта уақыт кеткен.

Миллиондаған юань қораптарға салынып, оның сыртына кімнен алынған пара екені жазылған. Тіпті қандай шен үшін төленгендігі көрсетіліп отырған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қораптардың барлығы ашылып үлгермеген де. «Генерал аспан асты елінде осыдан екі жыл бұрын басталған жемқорлыққа қарсы кампанияның ең ірі фигуранты болды», - деп жазады басылым.

Жалпы 2012 жылдан бері 74 мың шенеунік қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Олардың басым бөлігі қызметтік көліктерін жеке басының қажеттіліктеріне пайдаланғаны үшін сотталған.

Айгүл ӘДЕПБАЙ