Алматы облысының әкімі Амандық
Баталов «Нұр Отан» партиясының өңірлік филиалының төрағасы болып сайланды. Жаңа
жетекшіні тағайындау салтанатына партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан
Байбек қатысты. Талдықорған қаласындағы «Достық үйінде» жергілікті Халықтар Ассамблеясы мүшелерімен
кездескен ол, жаңа Жолдаудың басым бағыттарын көпшілікке жеткізді. Өз кезегінде
күрд, болгар, неміс және өзге этномәдени орталықтардың өкілдері Елбасы
Жолдауына қолдау білдіріп, сөз сөйледі.
Жиын соңында Бауыржан Байбек азаматтық
сектор өкілдері, кәсіпкерлер, өндірісшілер, жастар белсенділері және дәрігерлер
мен мұғалімдерден құралған «Партияның 50 тұлғасы» жобасының өңірлік
қатысушыларымен кездесті.
Лариса Митрохина, «Нұр Отан» партиясы
«Жас Отан» жастар қанатының мүшесі:
Елбасымыз, партия көшбасшысы, толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін, біз топтаса білуіміз қажет деп, тапсырды. Ендігі кезекте біз, партия
мүшелері, бірлік пен келісімнің негізі ынтымақшылдықты сақтай отырып, оны келер
ұрпаққа мұра ретінде қалдыруымыз керек деп ойлаймын.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ