Павлодар облыстық ардагерлер
кеңесі жергілікті мәслихатқа жаңадан келетін депутаттардан жаңашылдық күтеді. Мәслихаттың сессияларына қатысуды әдетке айналдырған олар, өз пікірлерін
ортаға салып, өзекті мәселелерге қатысты ақыл-кеңестерімен бөлісіп келеді.
Мерзімінен бұрын мәслихат сайлауын өткізу бастамасын ұйым өкілдері бірауыздан
қолдап отыр.
Рымтай Шөкеев, Павлодар
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Жаңадан келген кісілер жаңа
оймен, жаңа бір өздерінің қойған мақсатымен келеді. Мына мемлекетке, халыққа
бір жақсылық көрсетеді, жаңалық әкеледі. Облыстық мәслихатқа ардагерлер де
депутаттыққа қатысып, депутат болып сайланса, нұр үстіне нұр болар еді.
Өйткені ол кісілерде көп жылдар жинаған қорлары бар, ой- пікірлері бар.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ