Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада мүгедек жандар өмірі туралы «Быть или не быть» кинокартинасының премьерасы өтті

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2014
  • 1691

Мүмкіндігі шектеулі дегенмен, зор мүмкіндік иесі. Астанада мүгедек жандар өмірі туралы «Быть или не быть» кинокартинасының премьерасы өтті. Туындыға сал ауруына шалдыққан жандар түскен. Басты рөлді Тахир Омаров сомдайды. Сюжет желісінде Тахир өзін 3 түрлі қырынан танытқан. Кинода басты кейіпкердің тұрмыс тіршілігімен қатар ғашықтық сезімі де көрініс табады. Бала күнінен актер болуды армандаған жас жігіт  дәл осы фильмде Гамлет образына енеді. Алайда, сценарий бойынша сүйіктісіне қосыла алмаған кейіпкер өмірден еш түңілместен, алға ұмтылуды көздейді. Шығармашылық ұжымның да мақсаты осы оймен ұштасады.

Картинаның ұзақтығы 1 сағат. Ал түсірілім жұмыстары 3 апта бойы жалғасқан. Туындының жарыққа шығуына ат салысқан «Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары қауымдастығы» мен «Новый мир» киностудиясы. Демеушілер болса, өз тараптарынан киноға түскен дарындыларға түрлі сый-сыяпаттарын тапсырды. Ендігі кезекте фильмді халықаралық байқауларға қатыстыру үшін, ойын-сауық орталықтарында арнайы қайырымдылық жәшіктері орналастырылды.

Қанағат Тасқараев, фильмнің кейіпкері:

Мен ең кенже баланың рөлін ойнадым.Фильмге тусу маған қатты ұнады. Ол әсіресе қыста түсіргенбіз. Бірақ соған қарамастан, киноны түсірдік. Өте қызықты. Бұдан да биік шыңдарға шықсам деген ойым бар.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ