Русский Сайттың толық нұсқасы

Талдықорғандағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2014
  • 1303

Талдықорғандағы үйлердің бірінде газ баллонының жарылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы облысы ІІД-інің баспасөз қызметі хабарлады. Айта өтейік, өткен демалыста Еркін ауылындағы екі қабаттың үйлердің бірінде жойқын жарылыс болды. Салдарынан бірден 7 адам ажал құшты. Олардың арасында нәресте де бар. Алдын ала ақпарат бойынша, газ баллоны жарылған.

Қылмыстық іс «Өрт қауіпсіздігі тәртібін сақтамау» бабы бойынша қозғалды. Дәл қазір төтенше жайттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Қираған баспана үйінділерден тазартылып жатыр. Зардап шеккен тұрғындар жергілікті колледждің жатақханасына уақытша орналастырылды. Жергілікті әкімдік қайтыс болған әрбір отбасы мүшесі үшін бір миллион теңге, ал үйлері қирап шығынға батқан отбасыларына 500 мың теңге көлемінде көмек көрсеткелі отыр.

Илхам ИБРАГИМ