Русский Сайттың толық нұсқасы

Келер жылғы егіс науқанында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» қостанайлық фермерлерге көмек көрсетеді

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2014
  • 1510

Күз айларындағы күн райының қолайсыздығынан тығырыққа тірелген қостанайлық дихандарға «Азық-түлік корпорациясы» мен ауыл шаруашылық басқармасы көмек қолын созбақ. Бұл жайында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім жетекшісі Орынбай Шөжебаев арнамызға берген сұқбатында айтты.

Нақтылап айтсақ, басқарма мамандары тұқым тапшылығын тартқан шаруалар тізімін шығарып, оны корпорацияға жолдайды. Ал корпорация сол тізім бойынша диқандарға тұқым сатып алуға қаражат бөледі - деді. Шаруалар, жауын-шашынды болған күз айлары қиындыққа душар қылғанын, айтып отыр. Кейбір шаруалардың келесі егіс науқанына қажетті бидай тұқымын жинауға мүмкіндігі болмаған. Жалпы биылғы күн райының қолайсыздығына байланысты 150-ге жуық шаруа тұқым тапшылығына тап болды. Оларға 100 мың тоннадан астам астық дақылы қажет.

Орынбай  Шөжебаев, Қостанай облысы ауыл шаруашылық басқармасының бөлім жетекшісі:

Бұл схеманың пайдалы жағы қазіргі біздің жаңағы ұжымдардың жағдайлары жоқ тұқым алатын. Енді өнім алмаған соң жағдайлары нашар болып тұр, шындығын айтқанды. Енді соларға  көмек көрсету үшін, үкімет бойынша продкорпорация арқылы шаралар қолға алынуда. Олар тұқым сатушы шаруалармен барып келісімшарт  жасайды. Соны корпорацияға әкеледі. Ал корпорация ақша бөледі.

Заңғар САНАЙ