Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей үкіметі Түркияда атом электр станциясын салмақ

  • AstanaTV
  • 02 желтоқсан 2014
  • 927

Ресей үкіметі Түркияда атом электр станциясын салмақ. Ал екі ел арасындағы сауда айналымы 2020 жылға қарай 100 миллиард долларды құрауы тиіс.

Анадолы еліне арнайы ат басын бұрған Ресей президенті Владимир Путин түрік басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесуде осындай келісімдерге қол жеткізді. Сондай-ақ Ресей президенті газ бағасын 2015 жылдан бастап 6 пайызға арзандататынын жеткізді. «Егер сұраныс артып жатса, тағы да жеңілдік жасаймыз», - деді, Владимир Путин.

Жетпіс бес минутқа жоспарланған екі президенттің кездесуі үш сағатқа созылды. Демек, мәселе оңай шешілмеген секілді.