Русский Сайттың толық нұсқасы

Ержан Өтембаев жүрек талмасымен ауруханаға түсті

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 1432

Мерзімнен бұрын шартты түрде бостандыққа шығуы тиіс Ержан Өтембаевтың жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсті. Парламент Сенаты аппаратының экс-жетекшісіне осыдан екі күн бұрын «жүрек ұстамасы» диагнозы қойылған. Бұл жөнінде Өтембаев жазасын өтеп жатқан ЕЦ 166/10 түзеу мекемесі жасағының басшысы Самат Кәкенов, жазагерді босату туралы сот шешімі қаралған апелляциялық алқа отырысында хабарлады. Самат Кәкенов, Ержан Өтембаевтың жан сақтау бөлімінде жатқанын айтты, - деп «Интерфакс» хабарлап жатыр.

Айта кетейік, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы, 8 жыл 8 ай жазасын өтеген Өтембаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға қатысты шағымды бүгін қарауы керек еді. Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ержан Өтембаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы қаулыны 7-ші қарашада қабылдады.

Еске салайық, Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі 2006 жылы саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның екі көмекшісін өлтіруге ықпалдасты деген айыппен ұзақ мерзімге сотталған болатын. 2013 жылы Сәрсенбаевтың өліміне қатысты жаңа деректердің жариялануына орай, Өтембаевқа кесілген үкім қайта қаралды.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ