Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жарылыс болған үй толықтай қайта салынады

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 1150

Талдықорғанда газ жарылысынан бүлінген үйдің тұруға жарамсыз жағы толығымен сүріліп қайта салынатын болады. Бұл жөнінде облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.

Әкімдіктің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сай, үйдің екінші бөлігінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмек. Бұған шамамен екі айдай уақыт кетеді деп жоспарлануда. Өңір басшысының айтуынша, газ баллонының жарылуы салдарынан зардап шеккен тұрғындар жергілікті колледждің жатақханасына орналастырылды. Оларға үш мезгіл ыстық тамақ беріліп, керек-жарақпен толық қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, желтоқсанның біріне қараған түні қала шетіндегі Еркін ауылында көп қабатты үйде газ баллоны жарылған болатын. Салдарынан 7 адам мерт болып, тағы бірнеше тұрғын зардап шекті.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА