Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда 32 мың гектар алқаптың астығы орылмай, қар астында қалып қойған

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 1068

Қостанай облысында жиын-терім науқаны аяқталды. Желтоқсанға дейін созылған астық жинауда олқылықтар аз болмай тұр. 32 мың гектардай алқаптың астығы орылмай, қар астында қалып қойған. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі Сәлімжан Есенаманов хабарлады.

Айтуынша, биыл аймақ диқандары 4 жарым миллион тонна астық жинаған. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 1,7 пайызға кем. Ал орташа өнімділік гектарына 11 центнерден астам.

Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қостанайлық шаруалар майлы дақылдарды да жинап үлгермеді. «Бүгінгі таңда 120 мың гектар орылған жоқ. Оның тең жартысы көктемге қалуы мүмкін. Ал қар астында қалған бидай күн жылынған сәтте қамбаға құйылады», - дейді басқарма өкілі.

Сәлімжан Есенаманов, Қостанай облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім жетекшісі:

Ауа-райына байланысты облыс бойынша екі ауданда 32 мың гектар жерде астық қалып отыр. Олар енді көктемде осы өнімді жинап алатын болды.

Заңғар САНАЙ