Русский Сайттың толық нұсқасы

Германияда Lufthansa ұшқыштарының ереуілі салдарынан қазақстандық жолаушылар да жапа шегуде

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 930

Lufthansa әуекомпаниясындағы ұшқыштардың наразылығы салдарынан қазақстандық жолаушылар да жолынан қалуға мәжбүр. Бір күннің өзінде Алматы-Франкфурт бағытындағы екі бірдей рейс тоқтатылған. Бұл туралы әуекомпанияның баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Олар қазақстандық жолаушыларға ешқандай айыппұлсыз билеттерді қайтаруды немесе ұшу датасын басқа күнге тегін ауыстырып алуды ұсынуда.

Естеріңізге саламыз, Lufthansa ұшқыштары зейнет жасының ұзартылуына қарсылық білдіріп, жұмысқа шығудан бас тартуда. Наразылық басталғалы бері 1300-ден астам рейс тоқтатылған. 150 мыңға тарта жолаушы әуежайларды паналауға мәжбүр болып отыр. Әзірге әуекомпанияның жұмысы қашан қалпына келері белгісіз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА