Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейде Госдума депутаттарына iPhone мен iPad-тан бас тарту ұсынылуда

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 1158

Ресейде Госдума депутаттарына iPhone және iPad-тан бас тарту ұсынылуда. Мұндай бастаманы Госдуманың Жемқорлыққа қарсы күрес және қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Горовцов жасады.

Оның сөзінше, қауіпсіздік мақсатында смартфондар мен планшеттерді қолдануды доғару керек. Бірінші кезекте бұл құпия мәліметтерге қолы жетімді депуттар мен комитет мүшелеріне қатысты болып тұр. Оның сөзінше, құны 700 рубль болатын, қарапайым телефондар қаупсіз болып саналады. Жаппай арзан телефонға көшу құпия мәліметтердің таралуы мен телефонның тыңдалуына тосқауыл бола алады.

«Интерфакс»-тің хабарлауынша, Госдуманың қауіпсіздік комитеті қазір iPhone және iPad-ты қолдануға тиім салатын қаулының жобасын дайындап жатыр.

Илхам ИБРАГИМ