Русский Сайттың толық нұсқасы

КХДР билігі Ким Чен Ын атауына тыйым салды

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 1186

Корей халықтық-демократиялық республикасының азаматтары балаларына Ким Чен Ын деген есімді бере алмайды. Нәрестеге бұл есімді беруге енді қатаң тыйым салынды. Бұл туралы «Ренхап» агенттігі Пхеньянның ресми құжаттарына сілтеме жасай отырып жазды.

Ал мұндай тыйымға дейін Ким Чен Ын атын еншілеген солтүстік корейліктерге енді есімін өзгертуге тура келеді. Осылайша билік - «көсемнің басқарушы рөлін қорғап қалмақ» делінген қаулыда. Құжаттың авторлары - Ким ұрпағы, қарапайым халықпен тең емес, деп есептейді.

Ал, «Риа Новости» Солтүстік Кореяны бұған дейін билеген Ким Чен Ир, 2011 жылы аттастарын ерікті түрде есімін өзгертуге үндеген қаулы шығарғанын еске салып отыр.

Айта кетерлігі, бұндай тыйым Солтүстік Кореяның негізін қалаушы - Ким Ир Сен заманында да болған көрінеді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ