Русский Сайттың толық нұсқасы

18 жасқа толмағандарды жұмысқа қабылдауда сынақ мерзімі қарастырылмауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 1344

Жастар үшін жағымды ақпарат. Бұдан былай, 18 жасқа толмағандарды жұмысқа қабылдауда сынақ мерзімі қарастырылмауы мүмкін. Мәжілісте мақұлданған «Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осы мәселе қамтылды. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов түсіндіре кетті.

Айтуынша, заң жобасы жұмысқа алғаш кірген жас маманға екі жылдан кем емес мерзімге еңбек шартын жасауды қарастырады. «18 жасқа толмағандарға, техникалық және кәсіби сондай-ақ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім ошағын бітірген, мамандығы бойынша жұмысқа алғаш кіретін жастарға сынақ мерзімі бекітілмейді. Осылайша, жастардың еңбек саласындағы құқықтары қорғалады», - деді министр.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА