Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада ауа райы күрт бұзылады деп күтілуде

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 2120

Енді ауа райына қатысты бірер ақпар. Алдағы тәуліктерде Астанада қатты жел тұрып, қар ұшқындайды деп күтілуде. Бұл жөнінде «Қазгидромет» хабар таратты.

Қазірдің өзінде қар борай бастады. Синоптиктердің ақпары бойынша, күндіз ауа райы -11 -13 градус деңгейінде сақталады. Ал түнде -13 -15 градусқа төмендейді. Батыстан жел көтеріліп, оның күші шамамен секундына 9-14 метрге жетеді. Кей уақыттарда желдің ұйытқуы секундына 15-20 метрге дейін жылдамдауы ықтимал.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ