Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясына сенім білдірушілер күн санап артып келеді

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 982

«Нұр Отан» партиясына сенім артушылар күн санап артып келеді». Саяси ұйымның Павлодар облыстық филиалының өкілдері осылай деп отыр. Қоғамдық қабылдауға түскен шағымдардың 50 пайызы бүгінде шешімін тапқан. Әсіресе коммуналдық бағыттағы мәселелерге баса назар аударылады. Билеуші партияның арқасында күрмеулі мәселелерін шешіп алған Керекулік тұрғындармен тілшіміз Әсемгүл Мұхитқызы сұхбаттасты.

Зейнеткер Зинаида Болтинова - партияның шарапатын көрген жандардың бірі. Архангельск көшесіндегі үйде 1991 жылдан бері тұратын әжей жиырма жылдан бері бұл аумаққа жарық тартылмағанын айтады. Тұрғындар мәселені талай рет көтеріп, түрлі мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырған. Алайда, жарықтың жайы «Нұр Отан» партиясы араласқан соң ғана шешілді.

Екі күннен соң біздің көше жарықтандырылды. Кейін жолымыз да жөнделді. Қазір маңайымыз жарық. Партияға алғысымыз шексіз. Бұл шынымен де халықпен жұмыс істейтін партия екеніне көзіміз жетті.

Архангельск көшесі қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. 2-ші Павлодар деп аталатын шағын ауданда жер үйлер басым. Сондықтан, мұнда жарықтандыру, жол мәселесі әрдайым өткір мәселеге айналып келеді.

Анна Кулагина:

Кеш түсе, сағат 7-лер шамасында, әсіресе күз бен қысты күндері, бұл жақта жүру өте қиын болатын. Құлап қалмау үшін амалсыз қолымызға шырақ алып жүретінбіз. Қазір көзіміз ашылды.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімі күн сайын азаматтырдың мұң- мұқтажына құлақ асады. Таңғы сағат 9-дан кешкі жетіге дейін бұқара шағым-өтініштерін жолдай алады. Ал белгіленген күндері олар мәслихат депутаттарының, басқарма басшылары мен мемлекеттік мекеме өкілдерінің қабылдауында болады.

Айбек Жұматов, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз хатшысы:

Жалпы біздің партиямызға тұрғындар баспана мәселесі жөнінде, мүгедектердің сұрақтарымен, жұмыспен қамту мәселелері жөнінде жүгінеді. Барлық сұрақтар партияның қадағалауында. Әрбір сұрақ есептеуде.

Партияның Павлодар облыстық бөліміндегілер өздеріне сенім білдірушілердің қарасы жыл санап артып келе жатқанын айтады. Мәселен, былтыр қоғамдық қабылдауға 4 мыңға жуық тұрғын келген. Ал биылғы 11 айдың көрсеткіші одан да еселене түсті.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ