Русский Сайттың толық нұсқасы

Жас мамандарды жұмысқа қабылдарда бірден екі жылға келісімшарт жасалмақ

  • AstanaTV
  • 03 желтоқсан 2014
  • 1700

Енді жас мамандарды жұмысқа қабылдарда бірден екі жылға келісімшарт жасалуы мүмкін. Бүгін Еңбек кодексіне енген өзгерісті мәжілісмендер бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ жастар санатына кіретін азаматтар сынақ мерзімінсіз бірден жұмысқа қабылданады.

Мұндай өзгеріс бірінші кезекте тәжірибесіз қыз-жігіттердің құқығын қорғауға бағытталған. Демек жас маман әбден төселгенше, екі жыл бір орында тапжылмай жұмыс істейді деген сөз. Өзгеріс мемлекеттік мекемелерді, ұлттық және жеке компанияларды да қамтиды. Ол үшін оқу бітіріп, қолына диплом алған маман бір жылдың ішінде жұмысқа орналасып үлгеруі тиіс. Айта кетейік, елімізде жастар санатына 14 пен 29 жас аралағындағы азаматтар кіреді. 

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Жоғары оқу орнын және кәсіби техникалық білім беру орнын бітірген адам бірінші рет жұмысқа орналасқан кезде, келісімшарт екі жылға бекітілетін болады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ