Русский Сайттың толық нұсқасы

Александр Лукашенко есірткі саудасына қатысы барларды аяусыз жазалауды ұсынды

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 998

Белоруссия президенті Александр Лукашенко есірткі саудасына қатысы бар адамдарды арнайы колонияларға отырғызып, оларға «адам айтқысыз» қиын жағдай жасау керек деп мәлімдеді. Оның сөзінше, жазаланушылар түрмедегі жағдайдың қиындығы сонша, өлім жазасына кесуді өтініп сұрауы тиіс.

Сондай-ақ, Белоруссия президенті нашақорларды емдеуді күшейтіп, олардың еркінсіп кетуіне шектеу қою керектігін айтты. Құқық қорғау мекемелері де жұмысты күшейтіп, есірткі сатушыларға қатаң шаралар қолданылу қажет. Бұл мәселені Александр Лукашенко жеке қадағалауына алды.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

Егер есірткі тасымалдаушылар арнайы колонияға аттанатынын білсе, онда жасқанады. Олар қоғамға қауіп төндіріп, қаншама адамның өмірін қияды. Сондықтан, есірткіге қатысы барларға аяушылық болмау керек. Елдегі колониялардың бірін соларға арнап, қиналғаны сонша, өлімді өтініп сұрайтындай ету керек.

Самат ҚАНАҒАТОВ