Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстандағы мектеп асханаларында тазалық сақталмайды

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 1598

Шығыс Қазақстандағы мектеп асханаларында тазалық сақталмайды. Санитарлық дәрігерлер осыған көз жеткізді.

Жыл басынан бері Тұтынушылар құқын қорғау департаменті қызметкерлері 300-ден астам мектепте тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 184 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Мамандар оқушыларға берілетін тағам құрамын және асхананың жабдықталуын тексерген. Көп жағдайда қарапайым тазалық талаптары сақталмайтыны, яғни ыдыс-аяқтың дұрыс жуылмайтыны анықталды. Сондай-ақ, аспаздар жоспарлы медициналық тексерулерден уақытылы өтпейді екен.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА