Русский Сайттың толық нұсқасы

«Тығырықтан жол тапқан» фильмi бүгіннен бастап Астанада прокатқа шығады

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2014
  • 1519

«Тығырықтан жол тапқан» фильмi бүгіннен бастап прокатқа шығады. Қазақстандықтар оны елдің 70-тен астам кинотеатрларында көре алады. 1 желтоқсанда Астана қаласында бірегей туындының премьерасы өткен. Оны елдің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та халықпен бірге тамашалады.

«Елбасы жолы» киноэпопеясының төртiншi бөлiмiнде Нұрсұлтан Назарбаевтың 70-шi жылдардағы еңбек жолы, саясатқа ендi ғана қадам басқан сәтi суреттеледі. Фильмнiң режиссерi - Рүстем Әбдiрашов. «Елбасы жолы» киноэпопеясы 2011 жылдан берi түсiрiлiп келе жатыр. Бұның алдындағы топтамаға «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Темiр тау» фильмдерi енген. Бұл жоба Қазақстаннан бөлек, әлемнiң 20-дан астам елiнде үлкен қолдауға ие болды.

«Тығырықтан жол тапқан» фильмiне қазақстандық актёрлермен бiрге ресейлiк актёрлер ендi. Елбасының бейнесiн қазақстандық актёр Нұрлан Әлiмжанов сомдады. Кинолентаның бюджеті 2,5 млн долларға жуық қаржыны құрады.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА