Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұнай баррелі 69 долларға дейін құлдырап кетті

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 927

Мұнай бағасы тағы құлдырап жатыр. Лондондағы саудада Brent маркалы мұнай бағасы 69 долларға дейін төмендеді. Бағаның құлдырауы көптеген инвесторларды көңіл-көншітпейтін болжамдарды мойындап қана қоймай, «қара алтын» құнының төмендей түсетініне көздерін жеткізгендей.

Financial Times басылымының айтуынша, алдағы жылдың желтоқсанына дейін WTI мұнайын сатамын деушілердің өтініштері соңғы екі апта ішінде төрт есеге ұлғайған. Маусым айынан бері WTI маркасы 37 пайызға арзандап, кешегі саудада оның баррелі 66,5 долларды құрады.

Ал, Сауд Арабиясы мұнай бағасы барреліне 60 доллар деңгейінде тұрақталады деп күтуде. Парсы шығанағы бұл жағдайдың көпке созылмайтынына сенімді, соған қарамай мұнай өндіру көлемін қысқартқысы жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ