Русский Сайттың толық нұсқасы

РБК: Қазақстандық теңге әлсіз валюталар қатарында

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 1139

Биылғы жылы гривна және рубль ең әлсіз валюта болып танылды. «Ресей рублі құнсыздану жағынан рекорд орнатып жатыр», - деп жазады rbc.ru. Тек қараша айының өзінде Ресейдің ішкі нарығында доллар құны 24 пайызға артып, рубль құнсызданған. РБК нұсқасы бойынша, рубль жыл басынан бері құнын 40 пайызға, ал гривна 46 пайызға жоғалтқан.

Әлсіз валюталар тізімінде теңге де бар. «Қазақстан ұлттық валютасы сегізінші орында тұр. Жыл басынан қазақ теңгесі 15 пайызға құнсызданған», - деген мәлімет келтіреді телеарна. Одан соң қырғыздың сомы тұр. Жиырмалықты Малави квачасы қорытындылайды, ол 12 пайызға құлдыраған.

Илхам ИБРАГИМ