Русский Сайттың толық нұсқасы

Нью-Йорктегі ереуіл күшейіп кетті, қаза тапқандар бар

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 909

АҚШ-тың жүздеген тұрғыны Манхеттендегі Бруклин көпірін басып алды. Олар қара нәсілді азаматты өлтірген полицей Даниел Панталеоның бостандықта жүргеніне наразылық танытуда.

«Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, ереуілшілер Нью-Йорктегі Линкольн өткелін де жапқан. Полицейлердің мәліметі бойынша 78 адам тұтқындалды. Тәртіп сақшысы қолынан қаза тапқан 43 жастағы Эрик Гарнерді жақтаушы топтың наразылық шеруі Манхеттеннен бөлек Калифорния штатындағы Оклендке дейін жетті.

Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай Кливлендте де орын алған еді. Полиция 12 жасар жеткіншекті атып өлтірген. Мұнда да сақшылардың АҚШ конституциясын бұзып отырғаны байқалады, деп мәлімдеді бас прокурор Эрик Холдер. Құзырлы орган қара нәсілділерге күш қолдану белгілері бар 600 дей фактіні анықтаған. Тап осы тұста тағы бір қылмыстың тіркелгені белгілі болды. Фениксте полиция офицері қара нәсілді ер адамды атып тастаған.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА