Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетел басылымдары В.Путиннің жолдауы туралы

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 1625

Қалыптасқан жағдайға алаңдап отырғандарды Ресей президентінің жалынды сөзі жұбатуы екіталай. 4 желтоқсанда Владимир Путин Федералды жиынға жолдауын арнады. Онда Путин рубльдің құлдырау себептеріне, Ресей үшін Қырымның қасиетті екеніне тоқталды, келесі жылғы міндеттерді белгіледі. Шетелдік ақпарат құралдарының Ресей басшысының жолдауынан кейін берген бағасын «Коммерсантъ» басылымы шолып шығыпты. Солардың бірқатарына тоқталайық.

THE DAILY MAIL (ЛОНДОН, ҰЛЫБРИТАНИЯ) «Владимир Путин өзінің федералдық жолдауында «Батыс Ресейді шеттетіп отыр», «темір шымылдықпен» қоршап отыр» деген айыптар тақты. Алайда оның әсерлі баяндамасы премьер-министрді жігерлендірмеген болуы керек. Путин дипломатиялық оқшаулауға қарамастан, өзінің бағытынан таймайтындығы туралы ұстанымын айтып жатқанда, өзі де бұрын федералдық жолдау жасаған Медведев есінеп, ұйқысы келіп отырды».

LE FIGARO (ПАРИЖ, ФРАНЦИЯ) «Федералдық жиын өткізген Путин, Құрама Штаттарды кезекті рет сынға алды. АҚШ Украинадағы революцияның «демеушісі» болды деген ұстанымын тағы да айтты. Ол «Киев билігі елдің оңтүстік-батысындағы жағдайға «салғырт» қарауда» деген айыбын да қайталады. Ел ішіндегі экономикалық қиыншылықтарды елемегенсіп, Ресейдің шетелдік инвестициялар мен бірлескен жобалар үшін ашық екенін де алға тартты. Бірақ сөзінің соңында федерацияның дамуы ең алдымен өздерінің қолында екенін баса айтты».

THE WALL STREET JOURNAL (НЬЮ-ЙОРК, АҚШ) «Ресей президенті Владимир Путин кейін шегінер емес. Швейцариялық Базелде мемлекеттік хатшы Джон Керри Ресейдің Украинаның шығысындағы көтерілісшілерді қолдауды доғаруын, Қырымды босатуын сұраған болатын. Алайда Путин, бұған және батыстың шеттетуіне қарамастан, мұнай бағасының құлдырауына, Ресей экономикасының дағдарысқа ұшырауы мүмкін екендігіне көз жұма қарады».

Жұрағат БАМАН