Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда «Сайра домбыра» байқауы өтті

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 2956

Петропавлда алғаш рет мектеп оқушылары арасында «Сайра домбыра» атты дәстүрлі әндер байқауы өтті. Шара аясында кішкентай өнерпаздар қазақстың ұлттық аспабы домбырамен ән шырқады.

Мұндай байқау қала деңгейінде алғаш рет өтті. Сайыста 21 бала бағын сынады. Кейбіреулері арнайы музыкалық мектепте білім алса, енді бірі жеке дарынының арқасында домбыра аспабын меңгерген. Байқау қатысушылары екі топқа бөлініп, сайысқа түсті. Өнер додасында Нұрғиса Тілендиевтің «Ақжайық», «Сарыжайлау», «Өз елім» сынды айтулы туындылары шырқалды. Сайысқа ұйытқы болған ұстаздар келесіде байқауды облыстық деңгейде ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Жалпы, мұндай жарыс енді екі жылда бір рет өткізілмек.

Дәмеш Құрманкина, байқауды ұйымдастырушы:

Біздің Солтүстік сахнасында қазір домбырамен ән айтатын балалар жоқ болып бара жатыр. Азайып кетті. Сондықтан, бірде болса да деп, көмегіміз тиер деп, осы қаламыздың, облысымыздың мәдениетіне деп балаларды осындайға бағыштап жатырмыз.

Абзал ҚҰРМАНКИН