Русский Сайттың толық нұсқасы

Заңгерлер алдағы сайлауда объективті бақылау жасауға дайын

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2016
  • 1668

«Заңгерлер әділетті сайлау үшін» қоғамдық бірлестігі өкілдері Парламент сайлауының әділ өтуін бақылауды өз міндеттеріне алуға дайын. Бұл жайында олар Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты. Аталған бірлестік барлық аймақтарға өз өкілдерін жіберуге әзір екендерін жеткізді. "Әлем алпауыттарының көзқарастары шиеленісіп, экономикалық ауызбірлігі әлсірей түскен қиын кезеңде, Қазақстанға жаһандық қатерлерді еңсеруге мүмкіндік беретін нақты жоспарын бекітіп алды. Енді оны сәтті іске асыру жаңа Парламенттің еншісінде, - деді тәжірбиелі заңгерлер. 

Өмірәлі Қопабаев, Д. Қонаев атындағы заң академиясының ректоры:

Қоғамдық бірлестіктің негізгі міндеті - сайлауды ұйымдастыру және өткізу жайында мониторинг жүргізу және олардың Конституцияға және Сайлау туралы заңға сәйкестігін бақылау. Сайлау науқанында заңдылықты сақтау туралы ұсыныстар беру. Біз сайлау процесіне объективті бақылау және қоғамдық мониторинг жасаймыз. Сайлау кезіндегі кемшіліктерді саралаймыз. Сайлау процесіне қатысушыларға және мемлекеттік органдарға кеңес береміз.

Виктория Бурцева, ҚР Әділет министрлігі Алматы қаласы бойынша сот сараптама институты директорының орынбасары:

«Қазақстанның заңгерлер одағы» Елбасының Парламент Мәжілісіне депутаттарды сайлау туралы қаулысына қол қоюы уақытылы шешім деп біледі. Қазіргі күрделі заманда дәл осындай саяси шешім мемлекетіміздің дағдарысқа қарсы шараларының тиімділігін арттыруға зор ықпалын тигізеді деп ойлаймыз.

Самат ҚАНАҒАТОВ