Русский Сайттың толық нұсқасы

Франсуа Олланд Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 1120

«Сыртқы саясаттағы қырғи қабақ соғыста ешкімнің ұстанымын жақтап, адвокат болмаймын. Тіпті көршілес державаның басшысы Путинді де қорғаштамаймын». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олландпен Ақордада өткен ресми кездесу барысында осылай деді. «Әйтсе де, Ресейдің қуатты, алып мемлекет екенін жадыларыңыздан шығармауларыңыз қажет», - деп қосты. Мұны Президент Еуроодақ елдеріне қаратып айтты. Ресми кездесуде тағы қандай мәселелердің сөз болғанын тілшіміз тарқатады. 

Ресми Астана Франция басшысын боранымен қарсы алды. Франсуа Олланд Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп отыр. Ақордада өткен екі ел басшыларының кездесуінде бірқатар салада екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын келіссөздерге қол жеткізілді. Атап айтқанда: білім, экология, энергетика, туризм, ғарыш және сыбайлас жемқорлыққа қарсы салаларда бірлесе жұмыс істейтін болдық. Құжаттарға қол қойылған соң, әдеттегідей, бокал соғыстырылды. 

Соңынан президенттер бірлескен мәлімдеме жасады. Сыртқы саясатта бірдей позиция ұстанып отырғанын жеткізді. Франсуа Олланд тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді тізбектей келе, жаһандық саясатқа ойысты. Украинадағы ахуал да сөз болды. Қазақстан президенті Украинаға өзі аттанбақ ниетін жеткізген. Франсуа Олландқа әріптесінің бұл қадамы жаққан сыңайлы. Ол да мәселенің бейбіт шешілуін қалайтынын айтуда. Ресей мен Украина президенттерін келісімге шақырмақ. Дегенмен, Ресейге «Мистраль» десант кемесін жөнелтуге әлі асығар емес. Еске сала кетейік, 2011 жылы құны 1,2 миллиард еуроны құрайтын кемені құрастыруға екі жақты келісімшарт жасалынған. Ал, 1 қарашада кеме Ресейге тапсырылуы тиіс еді.

Франсуа Олланд, Франция президенті:

Бұл тығырықтан шығар шешімді табуымыз қажет. Ол Минск протоколының шеңберінде болуы шарт. Яғни территориялық тұтастық сақталып, соғыс тоқтатылуы керек. Әрине, біз қолымыздан келгенше көмек көрсетеміз. Сіз маған Украинаға баратыныңызды айттыңыз. Қоян-қолтық араласып, бұл шиеленісті тарқату үшін бірлесе жұмыс істейтін боламыз.

Президентімен ере келген француз тілшілері Владимир Путиннің кешегі жолдауынан сескеніп отырғанын жасырмады. Айтуларынша, ол соғыс ашудың аз-ақ алдында. Сұрақтардың арасында біздің аумақтық тұтастығымызға байланыстылары да болды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Да, Россия является очень большим соседом и партнером Казахстана. Стратегический партнер. Наша общая граница 7,5 тысяч километров. В Казахстане живет около 3 млн этнических русских. Так было исторически всегда. И в Росии живет 2 миллиона казахов. И мы должны строить свои отношения такие, какие они есть, дружеские и доверительные.

Нұрсұлтан Назарбаев Батыстың Ресеймен қырғи-қабақ ойыны жақсылыққа апармайтынын ескертті. «Территориясы ауқымды, жер қойнауы байлыққа толы держава сансыз санкциялардың кесірінен шығынға батып жатқаны рас», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Дегенмен, ол елдің шет мемлекеттерге аса тәуелді емес екенін де айтты. «Кез-келген соғыс аяқталады. Алып елдердің бір-бірін тығырыққа тірегені дұрыс емес», - деді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Санкционные противодействия - это тупик. Причем принятый в обход ООН. Плохо то, что в Украине случилось, плохо, что такое столкновение есть, но мы привержены к тому, чтобы искать пути. Я не считаю, что мы должны скатиться снова к холодной войне и жесткой конфронтации.

Ресей мен Батыс арасындағы қарым-қатынастың Украинадағы жағдай мен Қырымның Ресейге қосылуы кезінде ушыққаны белгілі. Қазақстан Президенті бұл мәселеге байланысты өзінің нық позициясын білдіріп, журналистердің сұрағына тұшымды жауап қатты. Француз тілшілерінің «Қазақстанда адам құқығы сақталмайды» деген сарындағы сауалына да тиісті жауап қайтарды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Смею заявить, что права человека в Казахстане шире обеспечиваются, чем в некоторых европейских странах, где начинают приниматься запретительные законы именно по этническим принципам. В Казахстане живет 100 наций и народов и имеют одинаковые права, защищены их языки, культуры, и школы работают на 18-ти языках.

«Астана» арнасының тілшілері де Франсуа Олландқа Франция экономикасына қатысты сұрақ қойды. Айта кетелік, елдің экономикасы қазір қауіпті кезеңді бастан өткеріп жатыр. Бюджет тапшылығы мен қарыз көлемі Еуроодақ бекіткен нормадан асып түсті. Франция экономикасы бірнеше рет рецессияға ұшырап, өсім құлдырады. Франсуа Олланд сайлауға түскен кезде, дәл осы жаһандық экономикалық дағдарыспен күресемін деген бағдарламасын жариялап, жеңіске жеткен еді. Бірақ, экономика одан сайын құлдырап кетті. Оның президент ретіндегі рейтінгінің түсуіне жеке өміріндегі былықтар да сеп болса керек.

Франсуа Олланд, Франция президенті:

Иә, шынымен жаһандық дағдарыс кезінде экономикамыз қиын кезеңді бастан кешіруде. Дегенмен, 2015 жылы жағдай түзеледі деген сенімдеміз.

Дегенмен кездесу сәтті өтті деуге толық негіз бар. Бірнеше салада мәмілелер жасалып, екі тарапқа да тиімді уағдаластықтарға қол жеткізді. Әлемдік дағдарысқа қарамастан соңғы бес жылда Қазақстан мен Францияның тауар айналымы екі есеге артқан. Француздар құйған инвестиция он бір миллиард доллардан асты. Қазақстанда француз капиталының үлесі бар 100-ден астам компания жұмыс істейді. Олар энергетика, машина жасау, көлік, фармацевтика, ғарыш, құрылыс салаларында. Қазақстан азаматтары үшін визасыз тәртіпті енгізу мәселесі де қарастырылуда. Сондай-ақ Француздар «ЕХРО – 2017» халықаралық көрмесін өткізуде Қазақстанға жан-жақты қолдау білдіруге әзір. Франсуа Олланд қазақстандықтарды француз тілін терең меңгеруге шақырды. Орталық Азиядағы Францияның алғашқы жоғары оқу орны бізде ашылатынын айтты. Ертең Сорбонна институтының филиалы Алматыда салтанатты түрде ашылмақ.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА