Русский Сайттың толық нұсқасы

Мақсат Үсенов қамаудан босады

  • AstanaTV
  • 05 желтоқсан 2014
  • 1085

Жаяу жүргіншілердің жауына айналған Мақсат Үсенов бүгін қамаудан босатылды. Айта өтейік, Үсенов ІІД жанындағы әкімшілік қамауға алынған адамдарды ұстайтын арнайы орында 20 күн отырды. Оның абақтыдан шығуын күткен тілшілер қауымы қақпадан аттаған беті лап қойды. Мойнында бір адамның қаны бар Үсеновке жан-жақтан сұрақтар қарша борады.

Алайда, Үсенов ақпарат құралдары өкілдерінің сауалына ешбір жауап қатпады. Сол тіс жармаған күйі автокөлікке отырып кетіп қалды.

Еске салайық, Мақсат Үсенов 15 қараша күні жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алдындағы көлікпен соқтығысқан. Сот оны құжатсыз көлік басқарғаны және сот- медициналық сараптамадан бас тарқаны үшін, 20 тәулікке қамау туралы жаза тағайындады. Ал өткен жылы желтоқсанда Үсенов қымбат бағалы шетелдік көлігімен бірден алты адамды қағып, 23 жастағы жігітті мерт қылған. Ол кезде де бар-жоғы 45 тәулікке қамалып, көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған еді.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ

}