Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда ТЭЦ-3 20 мегаватт қуатты артық өндірмек

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2014
  • 1000

Керекуде аймақты электр қуатымен қамту ісі жанданатын болды. «Павлодарэнерго» АҚ-ына қарасты №3-жылу орталығы бұдан былай 20 мегаватт қуатты артық өндірмек. Бұл №5-энергоблоктағы турбоагрегатты қайта жөндеу нәтижесінде мүмкін болды, - деп хабарлайды кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Аталған жаңашылдық Павлодарды электр қуатымен қамтуда қиындықтарды болдырмайды, әрі бағаны ұстап тұруға жол ашады. Қыс мезгілінде қала айына орта есеппен 350 мегаватт энергия пайдаланады. Бұрын облыс орталығына электр энергиясы жетпеген жағдайларда «Павлодарэнерго» АҚ Ақсу және Екібастұз стансаларынан қосымша қуат сатып алатын. Тасымалға кеткен шығын тарифке енетін. Осылайша тұтынушылар артығымен ақша төлеп келді.

Енді өндірілетін 20 мегаватт тапшылықтың орнын толтырып, шаһарда қуат көзінің қорын қалыптастыруға мүмкіндік бермек. Жылу орталығындағы қалпына келтіру жұмыстарына 5 млрд теңге жұмсалған.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ