Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның бірқатар облыстарында боранға байланысты ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2014
  • 1280

Еліміздің бірқатар облыстарында қатты аяз болып, термометр көрсеткіші 30 градусқа дейін төмендейді. Бүгін таңертең ОҚ, Жамбыл, Алматы облыстарында боранға байланысты ескерту жарияланды.

Аталған аймақтарда сынап бағанасы -25 градусқа дейін түседі. Кей жерлерде 30 градус аяз болады. Шығыс Қазақстан мен Қарағандыда -35 градус шамасында болады. Көптеген облыстарда қарлы боран соғып, жел тұрады деп болжануда.

Ал Астанада желдің екпіні күшеюіне байланысты бірінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Алдағы күндері елордада 30 градус аяз болады деген болжам бар.

Илхам ИБРАГИМ