Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұзақбай Қарабалин: Мұнай бағасы арзандамақ

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 1185

Қазақстанда әлеуметтік маңызды жанар-жағармайдың шекті бағасы төмендейді. Бұл туралы бүгін Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

Айтуынша, жуырда мемлекеттік реттеудегі мұнай өнімдерінің бағасы төмендеп, АИ-92 бензинінің бағасы 128-ден 115 теңгеге, дизель отынының бағасы 115-тен 107 теңгеге дейін түспек. Ал, АИ-80 маркалы бензиннің бағасы өзгеріссіз 89 теңге көлемінде қала бермек.

Айта кетейік, Қазақстанның мемлекеттік органдары шекті баға мөлшерін тек бөлшек саудаға сатылатын мұнай өнмдеріне ғана белгілейді. Ал ағымдағы бағам бір АҚШ долларына 181,62 теңгені құрайды. Мұнай өнімдері нарығындағы жаңалық туралы қорытынды хабарымызда толығырақ баяндаймыз.

Жұрағат БАМАН