Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында мамонт мүйізі табылды

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2014
  • 2163

Қарағанды облысында мамонттың жақ сүйегі табылды. Жаңаарқа ауданындағы Жеңіс ауылының түсті металл карьеріндегі қазба жұмыстары кезінде кеншілер тауып алып, мұражайға тапсырды. Жергілікті ғалымдар жануардың жақ сүйегіне қарап, «Жаңаарқада мамонттар өмір сүрген» деп болжайды.

Алып хайуанның сүйектері 6 метр тереңдіктен табылған. Сүйектің ұзындығы 2 метрден асады. Жергілікті ғалымдардың болжамынша, сүйектер палеолит дәуірінде тіршілік еткен ересек жануардікі. Тереңде жатқандықтан, өте жақсы сақталған. Бұл біздің заманымыздан  3 миллион жыл бұрын мекендеген мамонт сүйегі деген жорамал бар.  Дегенмен, нақты қай кезеңге жататынын мамандар арнайы зерттеулер мен сараптамалардан кейін ғана айта аламыз дейді. 

Түлкібай Төлеуов, Қарағанды облыстық тарихи мәдени мұраны сақтау орталығының директоры: 

Біздің Қарағанды облысында осындай үлкен, жақсы сақталған мамонт сүйегі бірінші рет мұражайымызға әкелініп тапсырылып отыр. Құнды жәдігер. Бастапқы болжам бойынша, 6 мың, 10 мың жыл деп отырмыз. Ғалымдар зерттеп, нақты анықтайды


Айжан ҚУАШ