Қазақстанның кәсіподақтар
федерациясы Мемлекет басшысының сайлау өткізу туралы шешімін қолдайды. Бұл
туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте федерация
төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлім етті. Республика бойынша екі миллионнан
астам адамды біріктірген ұйым өкілдері бұл уақытылы қолға алынған іс деп отыр.
Әбілғазы Құсайынов, ҚР кәсіподақтары
федерациясының төрағасы:
Бір жылдың ішінде екі сайлау
өткізу деген ол дұрыс емес. Неге десеңіздер, дағдарыс уақытында қаншама қаражат
кетеді, біріншіден. Екіншіден, қазіргі уақытта осы заманға керек мамандар
қажет. Оны ішінде заңгер болсын, экономикаға жақын жүретін азаматтарымыз керек.
Осындай азаматтарды міндетті түрде жаңа мәжіліске сайлауымыз қажет.