Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе маңындағы саяжай тұрғындары қыстың қытымыр аязында тоңып отыр

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 1123

Ақтөбе маңындағы саяжай тұрғындары қыстың қытымыр аязында тоңып отыр. 70-ке тарта үйде газдың қысымы төмендеп, баспананы жылытудан қалған. Мұндай жағдай соңғы 3 жылдан бері қайталанып келеді. Әсіресе, қыста үй жылыту былай тұрсын, бір шайнек шайды қайнатудың өзі қиын. Тұрғындар үйде қалың киіммен жүруді әдетке айналдырған. Балалар да жиі сырқаттанады.

Көгілдір отын таратушы «ҚазТрансГазАймақ» мекемесі саяжайда тұрғындар санының уақыт санап артып келе жатқанын айтады. Сондықтан, бұл аумаққа бөлінетін отын көлемі аздық етіп отыр. Дегенмен, мамандар жақын күндері газдың қысымын көтеруге уәде берді. Баспанасы азынап тұрған жандар, нәтиже шықпаса, одан әрі арызданып, тиісті шара қолдануды талап етеміз дейді.

Нұрпейіс Құрманов, Ақтөбе қаласы «Геолог-5» саяжайының тұрғыны:

«Горгазға» звондайсың. «Геолог-5
» десең «дачный ма» деп жауып тастайды. Ал, ақша алатын кезде, жақсы-ақпыз. Машина келе жатыр. Ақшаларыңды төлеңдер деп отырады.

Мансұр ЕСҚОЖИН