Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ислам мемлекеті» серкелері мұнай саудасынан түскен қаржыға алтын алумен шектелмейді

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 1100

«Ислам мемлекеті» ұйымының серкелері мұнай саудасынан түскен қаражатқа алтын-күміс алумен ғана шектеліп қалмайтын сыңайлы. Олар бағалы тиындар соғу үшін Ирак тұрғындарынан жылу жинаудан да тайынбай отыр. Содырлар билеп отырған Киркук қаласында бағалы тиындар жасау үшін тұрғындар бар алтын-күмісін «Ислам мемлекеті» қазынасына тапсыруы тиіс. Көпшілік бұған бағынуға мәжбүр.

Жергілікті «Әл-Арабия» телеарнасының хабарлауынша, саудагерлер алтын бұйымдарды «қалыңдық құнына» деген сылтаумен жаппай сатып алулардың артында өзге мақсат тұрғанын біледі. Бірақ артық сұрақ қойып, әңгімені көбейткісі келмейді.

Бақылаушылар мен экономистердің пікірінше, содырлардың бұл қадамы «әлемдік экономикаға алтын валюта ретінде қайта оралуға құрылған бақай есеп». Әлемдік нарық тұрақсызданған сайын құнды металлдың бағасы артуда. Көптеген мемлекеттер алтын қорын молайтып жатыр. Мамандар «Ислам мемлекеті» жақын арада мұнай саудасындағы валюта ретінде алтынға көшуі мүмкін деп отыр.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ