Русский Сайттың толық нұсқасы

Коррупцияға қарсы мекеме детектормен қызметке қабылдайды

  • AstanaTV
  • 09 желтоқсан 2014
  • 1562

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа қызметшілерді детектормен сынамақ ниетте. Осындай ақпаратты агенттіктің баспасөз қызметі таратты.

Айта өтейік, осы жылдың тамызында Үкімет қайта жасақталып, қаржы полициясы таратылған болатын. Орнына «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» құрылды. Агенттік бос орындарға байқау жариялап, жаңадан жасақталатын құрамды мейілінше тексермек. Байқауда үміткерлердің заңнамаларды қаншалықты меңгергені анықталып, полиграфологиялық зерттеу де өткізіледі. Сондай-ақ, бос орынға үміткерлермен қатар полиграфологиялық сынамадан бұрыннан істеп жүрген қызметкерлер де өтеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА