Ресей мен Батыс арасындағы
күрделі қарым-қатынасқа байланысты халықаралық ахуалды саралап отыру қажет. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министріне
осыны тапсырды», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент
қабылдауында болған Ерлан Ыдырысов Мемлекет басшысына халықаралық істерге қатысты атқарылған
жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ министр Елбасының бастамаларына шетелдер
тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды. «Нұрлы жол» саясаты әлемде
жоғары бағалануда. «Қазіргідей күрделі жағдайда Қазақстанның тұрақты әрі
орнықты дамуын қамтамасыз ететін бағдарлама ретінде қабылданды»,- деді
Ыдырысов. Кездесу соңында Президент нақты тапсырма жүктеді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан
Республикасының Президенті:
Басқа елдердің Қазақстанға
деген қызығушылығы артып, олармен өзара тиімді ынтымақтастық дамып келеді. Елімізге
деген дүниежүзілік елдер көңіл-күйі жақсы. Біз қабылдап жатқан іс-қимылдарды
әлемдік қоғамдастық қолдайды. Қазіргідей жағдайда халықаралық ахуалды Ресей мен
Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастар, жағдай, соның барлығын қарап отыруымз
керек, не істейтінімізді.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА