Русский Сайттың толық нұсқасы

Барак Обама ақ нәсілді жастардың қолдауынан айрылмақ

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2014
  • 1058

Барак Обама ақ нәсілді жастардың қолдауынан айырылып жатыр. «Взгляд» басылымы, Обаманың президенттігін 18 бен 29 жас аралығындағы 34 пайыз ақ нәсілді америкалықтар ғана қолдайтынын жазады.

Осылайша, бұл көрсеткіш Обаманаың президенттік мерзіміндегі ең төмен нәтижені көрсетті. Қолдау көрсеткіші 2009 жылмен салыстырғанда, 9 пайызға, 2010-мен салыстырғанда, 10 пайызға құлдыраған.

Еске салайық, Обаманың рейтингі соңғы уақытта рекордты түрде түсіп барады. Қазан айында ол 40 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ, Rasmussen Reports компаниясының зерттеуінде америкалықтардың 60 пайызы Құрама Штаттардың ісі кері кетіп жатқанын атаған.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА