Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Ақтөбе және Ақмола облыстарының әкімдерін қабылдады

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2016
  • 1332

Әлемдік дағдарыстың Қазақстанға көрсетіп отырған қысымына қарамастан, Ақтөбе облысының экономикасы өткен жылда 5 пайызға артты. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мемлекет басшысының қабылдауында баяндады. Облыста президент тапсырмасына сәйкес жұмыс орындары сақталып қана қоймай, бірнеше трансұлттық компания жұмыскерлерінің еңбекақылары бірінші қаңтардан бастап көтерілген.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

Тағы бір үлкен тапсырманың біреуі - ол бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Ол жөнінде бізде бағаның өсімі былтырғы жылы 11,2 пайызды құрады. Қазір біз барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, ең негізгі әлеуметтік маңызды 33  тауардың бағасын көбейтпеуге жұмыс жасап жатырмыз.

Экономикалық өсім туралы Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин де баяндады. Өңірде өнеркәсіптік өндіріс 2015 жылы 6,9, ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісі 2,1 пайызға артқан. Облыстың құрылыс саласында да 6 пайыздық жандану бар.