Русский Сайттың толық нұсқасы

Михаил Горбачев Батыс пен Ресейге саммит өткізуді ұсынды

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2014
  • 1278

«Ресей, АҚШ және Еуропалық одақ бірлесе отырып, арадағы «салқындықты» жібіту мақсатында саммит өткізуі керек». Мұндай пікірді «Российская газета» басылымы арқылы КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев білдірді.

Оның айтуынша, тараптардың қайсысы болса да, «бірінші қадамды жасасақ, кішірейіп қаламыз» деген ойдан аулақ болуы тиіс. Сондай-ақ, «мен беделімнен айрылып, қарсыласым жеңіске жетеді» деген пікірге де орын жоқ. «Болар іс болды, барлығы артта қалсын. Болашақты ойлаған дұрыс», - дейді экс-президент.

Горбачевтің Батыс пен Украинаны Ресеймен арадағы қарым-қатынасты реттеуге шақырып жүргені бір бұл емес. Бұдан бұрын да ол ЕО пен АҚШ-ты Владимир Путиннің пікірімен санасуға үндеген.

Михаил Горбачев
, КСРО экс-президенті:

Мен Ресей мен АҚШ басшыларын саммит өткізу мәселесін ойластыруға шақырамын. Оның күн тәртібінде шиеленісті мәселелердің барлығы қамтылуы керек. Қанша дегенмен, бұл екі елге айрықша жауапкершілік артылған. Қазір Батыс Ресеймен байланысты үзудің алдында тұр.
Санкциялар тағы бар. Қысқасы, арадағы «сірескен мұзды» жедел еріту керек.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА