Русский Сайттың толық нұсқасы

Астананың Ақмолаға ресми көшірілгеніне 17 жыл

  • AstanaTV
  • 10 желтоқсан 2014
  • 6347

Бүгін ел астанасының Алматыдан Ақмолаға, бүгінгі Астанаға ресми көшірілген күн. Осыдан тура 17 жыл бұрын, 1997 жылы 10 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстанның бас қаласы боп жарияланды.

Еске салайық, астананы көшіру туралы Жоғарғы кеңес шешімі одан ертерек - 1994 жылы алтыншы шілдеде қабылданған. Бас қалаға алғаш болып мемлекеттік органдар қоныс аударды. Қала қысқа мерзімде әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени тұрғыдан жедел дами бастады.

Статистика департаментінің мәліметінше, 1998 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 140 мың шаршы метр болса, бүгінде ол 900 мың шаршы метрге жетті. Өнеркәсіп өнімі 20 млрд теңгеден 276 млрд теңгеге өсті. Сол жылдардан бері білім беру нысандары 3 есеге артқан.

Ал, 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша, Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді. Ал, 2000 жылдан Қазақстанның бас қаласы Астана және ірі қалалар - халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Базаркүл НӘДІРҚЫЗЫ