Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбе облысындағы жолдарда жүздеген автокөлік қар құрсауында қалды

  • AstanaTV
  • 21 қаңтар 2016
  • 2157

Ақтөбе облысындағы жолдарда жүздеген автокөлік қар құрсауында қалды. Екі күн қатарынан жауған жаңбырдан соң, тас жолдың беті мұзға айналды. Артынша қар борап, бірнеше бағыттағы жолдарда жүру мүмкін болмай қалды.

Елді мекендерге полицейлер жұмылдырылып, көліктер тоқтатылды. Мәселен, Ақтөбе-Орск бағытындағы жол бойындағы Шәмші Қалдаяқов ауылы маңындағы қардың биіктігі 2 метрден асқан. Ауылда жылыту бекеттері ұйымдастырылып, жүзге жуық жолаушыны қабылдады. Жол бойында қалып, толықтай қар басқан көліктерді қолмен қазып алуға тура келді.

Нұрлан Таскенов, көлік жүргізушісі:

Ауылымыз 7 шақырым. Тіпті 7 болмайды, 5 шақырым. Кешеден бері тұрмыз. Сағат 11-ден бастап. Үйге жете алмай тұрмыз.

Алтай Баймағамбетов, көлік жүргізушісі:

Кеше таңертеңгісін Орскіден Ақтөбеге келе жатқанда жақсы болды. Бір сағаттың ішінде боран. 11-ден бастап тұрдым. 10 сағаттай тұрдық жолда. Сосын МЧС-тер келді, мына ауылдың әкімі келді. Жәрдемін берді, әйтеуір. Шығарып алып кетті. Мектепке орналастырды. 

Мансұр ЕСХОЖИН