Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы қатерге төтеп бере алатын талдау орталығына айналуы тиіс

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2014
  • 1281

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы кез-келген сын қатерге төтеп бере алатын талдау орталығына айналуы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  аталмыш ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжаны Ақордада қабылдап, осыны айтты деп, Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Ауғанстаннан коалиция күштерінің шығарылу ықтималдығына, сондай-ақ, «Ислам мемлекетінің» салдарынан туындаған  қатерлерге алаңдаушылық білдірді. «Мұндай жағдайда ұйым ахуалды игеретін, болжайтын, қажетті ұжымдық шараларды қабылдау жөнінде ұсыныстар әзірлейтін талдау орталыққа айналуы тиіс», - дейді. Өз кезегінде Николай Бордюжа Президентке  Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 23 желтоқсанда Мәскеуде өтетін кезекті сессиясына дайындық барысы туралы баяндады. Ұйым қызметінің биылғы қорытындылары туралы әңгімелеп, әскери ынтымақтастық саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

Николай Бордюжа,  Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы:

Мен жаңа ғана Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім. Оған алдағы сессияға дайындық жайында айттым. Біз теріс үрдістерді азайту үшін қабылдануы қажет шараларды талқыладық. Ұйымға мүше елдер арасындағы әскери ынтымақтасытықты дамыту жайын Қазақстан Президенті бірнеше жыл бұрын бекітті деп айта аламын. Бүгін сол жоспарды жүйелі түрде жүзеге асырып жатырмыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА