Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенатор үшем туған аналарға кезексіз баспана беру талабын заңды түрде бекітуді талап етті

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2014
  • 912

Сенат депутаттары алтын құрсақ көп балалы аналар мен үшемді дүниеге әкелгендерге бірінші кезекте баспана беру ұсынысын қабылдамай тастаған Үкіметке наразы.

Өткен сейсенбі «Тұрғын үй қатынастары» туралы заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы жобаны талқылаған сенаторлар Үкіметтен аталмыш топтағы аналарға кезексіз үй беруді сұраған. Алайда Үкімет ұсыныс «тым шығынды» екенін алға тартып, мәселені жергілікті атқарушы биліктің, яғни әкімдердің мойнына жүктелетінін айтқан. Сенатор Қуаныш Айтаханов палатаның бүгінгі отырысында «халықтың көбеюіне аянбай перзент туған анаға - туған үкіметінің жаны неге ашымайды» деп ашынды.

Қуаныш Айтаханов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мен осыны түсінбеймін. Мен тағы да қайталап айтамын, бұл заңда шешуге мүмкіншілік болмаса, шешуге толық болар еді, болатын еді, егер де жөндеп қарағанда, онда үкіметтің өзінің айтқанындай, алдағы кезде жергілікті атқарушы өзін-өзі басқарушы органдар туралы заңға өзгерістер енгізіп, бізге берген жауабына байланысты, бірақ мүмкіншілігіне байланысты емес, заңды обязать ететіндей, соларға тапсыратындай етіп, мәселені шешіп беруді өтінеміз тағы да. Тағы да өзіміздің Үкіметтен, туған Үкіметімізден осыны өтінеміз Парламенттің атынан. Рахмет.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ