Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуро комиссия қара тізімдегі ұшақтар санын арттырды

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2014
  • 1161

Қазақстанның барлық дерлік әуе компанияларына Еуроодақ аймағына ұшуға тыйым салынды. Қазақстандық компаниялар Еуропа әуежайларына қона алмайтын әуе тасымалдаушыларының жаңарған қара тізімін толықтырды, деп жазады «Коммерсантъ».

Бұл тізімге біздің елден бір ғана әуекомпания ілінген жоқ. Оның өзінде тек белгілі бір ұшақ маркаларымен ғана ұшуға рұқсат. Алайда, ол қандай әуе кемесі екені нақтыланбаған. Жалпы қара тізімге 21 елден ұзын саны 310 компания енді, деп жазылған еуропалық комиссияның ресми сайтында жарияланған хабарламада. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Индонезия бар.

Айта кетерлігі, еуропалық комиссия қара тізімді әр үш ай сайын жаңартып отырады. Аталмыш тізім 2006 жылы құрылды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ