Русский Сайттың толық нұсқасы

Азаматтық авиация комитеті Еуропаның қара тізіміне енген компаниялар туралы түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 12 желтоқсан 2014
  • 1501

Бензин бағасынан кейін Қазақстанда авиациялық отын құны да арзандауы мүмкін. Осындай мәлімдемені Азаматтық авиация комитеті таратты. Әуе тасымалдаудағы шығынының басым бөлігі сұйық отынға кететіні белгілі, дейді ведомство төрағасының орынбасары. «Егер сұйық отын арзандайтын болса, сәйкесінше әуе билетінің құны да арзандауы бек мүмкін», - деді комитет жетекшісі. 

Серік Мұхтыбаев, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

Әуе билет құнының басым бөлігі сұйық отынға жұмсалады. Қазір бензин бағасының арзандауына байланысты, билет құны да түсуі әбден мүмкін. Әйтсе де, бұл коммерциялық сұрақ, оған мемлекеттік органдар емес, әуе компаниялардың өздері жауап бере алады.

Десе де, Еуропалық одақтың қазақстандық әуе компанияларды «қара тізімге» енгізгені белгілі. «Эйр Астана» компаниясынан өзгелері Еуропаға енді қатынай алмайды. «Эйр Астананың» өзі тізімге тек батыста шығарылған ұшақтарды қолданғандықтан ғана ілікпеді. Қазір «SCAT» компаниясы ұшуға рұқсат алудан үмітті. Өйткені компания жуырда IATA аудитінен өтті.

Еске салайық, кеше Еуропалық комиссия сайтында Еуропалық одақ аумағына ұшуға тыйым салынған әуе компаниялардың тізімі жарияланды. Бұл тізім үш ай сайын жаңартылып тұрады. 

Серік Мұхтыбаев, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары:

Бүгінгі таңда қара тізімде 19 әуе компаниясы бар. Барлығы да мемлекетішілік тасымалдау жұмыстарымен айналысады. Тек «SCAT» компаниясы ТМД аумағында қатынап жүр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА