Русский Сайттың толық нұсқасы

Сауалнамаға қатысқандардың 97,2% Елбасының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімін қолдап отыр

  • AstanaTV
  • 22 қаңтар 2016
  • 1516

Қазақстандықтардың 97,2 пайызы Елбасының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімін қолдап отыр. Арнайы сайлау туралы сауалнаманың қорытындысын Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының атқарушы директоры Айгүл Сәдуақасова мәлім етті. Әлеуметтік сауалнамаға Астана, Алматы және барлық облыстардан 1200 респондент қатысқан.

Олардың 93,6 пайызы бұл бастама уақытылы жасалды деп есептейді. Сонымен қатар, азаматтардың 95,4 пайызы Ұлттық жоспарды жүзеге асыру үшін партиялар сайлаушылардың сенімін алу керек екенін алға тартқан. Мұнымен қоса, сауалнамаға қатысқандардың 97,2 пайызы Мемлекет басшысының сауатты, іскер және елдің мүддесіне берілген кандидаттар ұсынылуы керек деген пікірін қолдаған.

Айгүл Сәдуақасова, «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының атқарушы директоры:

93,2 пайыз сайлау елдің дамуындағы қиын кезеңінде халықтың бірлігімен тұтастығы арта түседі деген сенімде. 96 пайызы осы экономикалық мәселелерді шешуге ықпал тигізеді деген сенімде. 

Берік ХАСЕНОВ